Құрманғазы мен Исатай ауданында теміржол вокзалының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Атырау облысының Құрманғазы және Исатай аудандарында қайта жаңартылған Ганюшкино және Аққыстау теміржол вокзалдары пайдалануға берілді.

БҚО әкімдігі

Астана, NEGE. Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен «Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Аралбай Қосымбаев қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

БҚО әкімдігі

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде көлік саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Республика бойынша 100-ден астам теміржол вокзалы жаңғыртылып жатса, соның тоғызы Атырау облысында. Бүгінде заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған жаңа вокзалдар пайдалануға берілді. Бұл – өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, көлік қатынасының қолжетімділігі мен қызмет көрсету деңгейін жақсартуға бағытталған маңызды жоба», – деді Қайрат Нұртаев.

Ганюшкино теміржол вокзалы – Қазақстанның батыс қақпасындағы маңызды көлік тораптарының бірі, ал Аққыстау вокзалы ұзақ жылдар бойы аудан тұрғындары мен жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. Қайта жаңғырту нәтижесінде екі нысан да заманауи стандарттарға сәйкестендірілді. Вокзалдарда мүгедектігі бар азаматтар мен балалы аналарға арналған арнайы бөлмелер қарастырылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды.

БҚО әкімдігі

Жоба «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Салтанатты жиында Қайрат Нұртаев мердігер ұйым – «Батысстройсервис» компаниясының ұжымына өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, құрылыс жұмыстарына атсалысқан мамандардың еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ аудан теміржолшылары мен құрылыс компаниясының бірқатар қызметкеріне облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

БҚО әкімдігі

Айта кетейік, былтыр Атырау облысында тоғыз теміржол вокзалын жаңғырту және қайта салу жұмыстары басталған болатын. Бүгінде Атырау, Мұқыр және Жамансор вокзалдарында реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар Сағыз, Доссор және Исатай елді мекендерінде жаңа вокзал ғимараттарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық жобаны жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.