Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» екінші кездесуінде де жеңіліп қалды
«Барыс» бүгін, 5 қыркүйекте құрлықтық хоккей лигасындағы екінші ойынында елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына жол берді.
Алматы, NEGE. Айта кетелік, елордалық клуб аталған командамен өткізген соңғы екі кездесуде есе жіберіп қойды. Сол сәтсіздік бүгін де жалғасты. Алдымен есепті «Барыс» командасы ашты. Елордалық хоккейші Якоб Лилья 41-минутта мергендік танытты. Одан кейін «Барыс» өзінің қақпасына екі шайба жіберіп алды.
Ойынның 45-минутында ресейлік Максим Карпов таразы басын теңестірсе, оның әріптесі Андрей Чибисов 58-минутта жеңіс шайбасын соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Енді қазақстандық команда 8 қыркүйекте елордада Ресейдің «Амур» клубын қабылдайды.