Құрлық әскерлері Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаруды қолдану ережелерін бұзу салдарынан жарақат алып, қаза тапқан.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы жетекшілік ететін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Сарбаз қызмет барысында өзін жақсы жағынан көрсеткені айтылған. Бөлімше басшылығына шағымдар немесе өтініштер түспеген. Қызметтік міндеттерін толық көлемде орындаған.

"Біз ата-анасының қайғысын түсінеміз және орны толмас қазаны бөлісеміз. Әрбір командир үшін сарбаздың қаза табуы – үлкен қайғы. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтады және қажетті көмектің барлығы көрсетіледі", – деп толықтырды қолбасшылық.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?