Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Ақорда

Астана, NEGE. Президент ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоятынын айтты.

«Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады. Сондай-ақ, президенттің пікірінше, қазіргі саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етеді.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады