Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады
Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
Астана, NEGE. ОСК мәліметінше, бес пайыздық межеден бес партия өткен.
Атап айтқанда:
- «Әділет» – 71,17% дауыс (6 528 948 сайлаушы дауыс берген);
- «Ауыл» – 6,26% (574 621 сайлаушы дауыс берген);
- Respublica – 5,56% (509 631 сайлаушы дауыс берген);
- «Ақ жол» – 5,21% (478 083 сайлаушы дауыс берген);
- ЖСДП – 5,11% (469 058 сайлаушы дауыс берген).
Сайлауға қатысуға жіберілген қалған екі партия бұл межеден аз дауыс жинады:
- Қазақстан халық партиясы – 3,11% (285 395 сайлаушы дауыс берген);
- «Байтақ» – 1,07% (97 751).
Сайлаушылардың 2,51%-ы «бәріне қарсымын» деген нұсқаны таңдаған.
Еске салсақ, 23 тамызда Қазақстанда бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Елімізде барлығы 10 424 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Олардың ішінде 61 елде 79 шетелдік сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 731 847 Қазақстан азаматы енгізілген.