Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын», – делінген жарлық мәтінінде.

Сондай-ақ Президент Үкіметке және әкімдерге Құрылтай депутаттарын сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржыландыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Еске салсақ, бүгін, 1 шілдеде Қазақстанның Жаңа Конституциясы күшіне енді.