Құрылысшының қазасы: Алматы әуежайы үн қатты
Алматы халықаралық әуежайының аумағында құрылыс жұмыстары кезінде қайғылы оқиға болды. Мердігер компанияның бір қызметкері қаза тапты.
Астана, NEGE. Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға құрылыс жүріп жатқан әуе кемелері тұратын алаңда болған.
Әуежай әкімшілігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқан құзырлы органдарға көмектесіп жатқанын хабарлады.
«Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін қосымша түсініктеме бере алмаймыз», – делінген ресми хабарламада.
Әуежай басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Оқиғаның себептері тергеу барысында анықталады.