Құрылысы бітпеген нысан өртенді

Шымкентте құрылысы бітпеген нысаннан өрт шықты. «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан серіктестіктің екі қабатты құрылысы бітпеген ғимаратының шатыры отқа оранды.

Алматы, NEGE. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 11:39-да жаңа ғимараттан шыққан. Жалын жалпы көлемі 432 шаршы метр жер мен 258 шаршы метр шатыр аумағын шарпыды, құрылыс заттары жанып кеткен.

«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 12:19-да оқшауланып, сағат 12:46-да толығымен сөндірілген. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда өртті шығу себептері анықталуда», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты