Құрылыс қалдықтарын көшеге төккен тұрғындарға айыппұл салынды
Шымкент қаласының тазалығы басты назарда. Осыған орай Әл-Фараби ауданы аймағында құрылыстық және тұрмыстық қалдықтарды тастау бойынша рейд өтті.
Шымкент, NEGE. Аудан әкімі аппаратының мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе А.Байтұрсынов, Қазиев, Айбергенов, М .Мәметова көшелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қатты қалдықтарды көше бойына төккен тұрғындарға 67 хаттама толтырылды.
Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 1 692 хаттама толтырылды. Оның 1674-і ескерту, ал қалған 18 іске айыппұл салынған. Айыппұлдың жалпы соммасы - 554 230 теңгені құрайды, бүгінде 233 360 теңгесі өндірілген.