Құрылыс алаңында BI Group компаниясының жұмыскері мерт болды

Алматыда BI Group компаниясының құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшының басына құрылыс материалы түсіп, оқиға орнында мерт болған.

Бұл жайт кеше Розыбакиев пен Қожанов көшелерінің қиылысындағы BI Group компаниясының «Фо ю» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Бүгін күзетшілер оқыс жағдай болған жерге ешкімді кіргізбеді. Олардың айтуынша, нысан техникалық ақауларға байланысты уақытша жабық.

Ал құрылыс компаниясының басшылары оқиға орнынан табылмады. Полиция бұл жағдай бойынша соталды тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

- Аталмыш дерек қылмыстық кодекстің 156 бабы бойынша тергеліп, қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тиісті сараптамалар және тергеу амалдарын бастап кетті, - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Құрылысшының қай қабаттан қалай құлағаны анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті