Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі қашан өтеді?

Күрес түрлерінен 2021 жылғы Қазақстан біріншілігінің өтетін мерзімі анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Ұлттық чемпионат 07-12 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтандағы "Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек" сарайында өткізіледі. 

18 жасқа толмаған спортшылар UWW ережесі бойынша дәрігердің медициналық анықтамасы және ата-анасының қолхаты арқылы жарысқа қатысады. 

Турнирді алдымен еркін күрес шеберлері бастайды. Кейін әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталса, грек-рим күресінің өкілдерін чемпионат шымылдығын жабады.