Құралай Нұрқаділова әкесінің өзіне айтқан соңғы жеке әңгімесін жариялады

Танымал дизайнер Instagram-дағы парақшасында әкесі Заманбек Нұрқаділовпен болған соңғы жеке әңгімесін жариялады.

Алматы, NEGE. «Менің арым таза, өйткені халық үшін өмір сүрдім. Сен мұны мақтан тұта аласың, уақыт өте келе артығымен бағалайсың деген еді», – деп жазды Құралай Нұрқаділова.

«Әкем тірі болса, қақтығыс кезінде жастарға басу айтып, қолдау білдіретін еді» деген ойын да жеткізді.

«Әкем болғанда, Қазақстан қалай өзгерер еді деп көп жылдан бері ойланып келемін. Шенеуніктердің халықтың сұрағына қалай жауап беретінін, не мүлдем елемейтінін әкемнің әрекеттерімен салыстырамын. Ол керек сұрақтардың жауабын білді, жағдайға білікті түрде иелік етіп, кез келген сұраққа сауатты жауап беретін еді. Ешқандай «ммм, аааа, солай, өйткені» деген сөздерсіз. Ең бастысы, ол өзінің ауылдан шыққанын ұмытқан емес. Көкірегін керген емес. Адасқан жастарға айтар сөз табатын. Тіпті, адреналинді агрессивті күйдегі жастарға айтар сөз табатын еді», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді