Күнтізбеде жаңа мереке: 10 тамыз демаламыз ба?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні болып бекітілді. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл күні қазақстандықтар демала ма деген сауалға жауап берді.
Алматы, NEGE. Ведомство 10 тамыз үкімет қаулысымен мереке болып жариялағанына қарамастан, ол демалыс күні болып саналмайтынын атап өтті.
«Бұл мемлекеттік мереке емес. Бұл есепші күні, құрылысшы күні сияқты мерекелерге теңелген, сондықтан ол демалыс күні болып саналмайды», - деп түсіндірді Еңбек министрлігі. Айта кетейік, Абай күні Қазақстанда үкіметтің қаулысымен бекітілген. Тиісті құжат 5 тамызда премьер-министрінің сайтында жарияланды.