Құны 6 млрд доллар болатын суасты туннелі ашылды

Гонконгта автокөлік жүргізушілеріне арналған ең ұзын әрі ең терең суасты туннелі ашылды.

Алматы, NEGE.  Теңіз арқылы өтетін 5,5 шақырымдық дәліз Гонконгтың Тунмун аймағын ЧекЛапКок халықаралық әуежайының жанындағы Лантао аралымен және 2018 жылдың соңында ашылған алып Гонконг – Макао – Чжухай көпіріне кіре берісімен байланыстырды. Туннельдің құрылысына 6,1 миллиард доллар кеткен және құрылыс жеті жыл уақытқа созылды. Туннель арқылы қатынау тегін болады.  Туннель теңіз түбінен 60 метр тереңдікте өтеді.
 

Қазір оқып жатыр

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды