Құны 23 млн доллар тұратын дәретхана әйелдерге жайлы екен
Бұл дәретханаға қызықсаңыз, ол үшін алдымен ғарышкер болуыңыз керек. NASA Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) 23 млн доллар тұратын жаңа дәретхана жеткізгелі отыр.
Алматы, NEGE. Бұл құрылғы ресми түрде «Қалдықтарды басқарудың әмбебап жүйесі» деп аталады. Ол қазіргі ХҒС-те тұрған әжетханадан 65 пайызға кіші және 40 пайызға жеңіл. «Құрылғы титаннан жасалған. Ғарыш туалеттерінің бұрынғы үлгісі пайдаланылды. Тек бұрынғысынан жақсара түскен. Мәселен, енді әйел-ғарышкерлер унитазды еркін пайдалана алады», – деп хабарлайды NASA.