Құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен заңсыз берілген жер учаскесі қайтарылды, деп хабарлады бас прокуратура.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізген мониторинг нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұзғаны анықталды.

"Жергілікті атқарушы орган заңды бұза отырып, 461 гектар жайылымдық жерді жеке меншікке берген", - деп жазылған хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтағы құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

"Осы басым бағыттағы жұмыстар жалғасуда",- дейді облыстық прокуратурадағылар.

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды