13 июня 2025 г. 5:19
Құны 54 миллиард теңге болатын таулы аймақтағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы қаласының прокуратурасы таулы аймақтағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып алды.
Алматы, NEGE. «Международная ассоциация клубов» ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды. Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс», — делінген хабарламада.
2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.