Құнанбай музейі салынбақ

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында бой көтеретін Құнанбай музейінің құрылысы бастал

ып кетті. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. «Жұмыс сапарымен Абай ауданында болдым. Ұлы ақынның туған жеріндегі «Сырт Қасқабұлақ» стелласының құрылысымен таныстым. Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталды. Сондай-ақ Ақшоқыда Құнанбай әулетінің қорымы жаңартылып, музей құрылысы басталды. Мұндағы басты міндет - хакімнің ата-анасына құрмет көрсету. Музей қазақ халқының құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау тұрғысынан өте маңызды нысан екенін ерекше атап өткім келеді», - деді әкім.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген