19 сентября 2022 г. 12:29
Күн жылынады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер Қазақстанда 20-22 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құрғақ және күн ашық болады.
Алматы, NEGE. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша, түнде әлі салқын, бірақ күн бірте-бірте ауаны жылытып, күндіз бүкіл Қазақстан бойынша ауа температурасы +23-30°С-қа дейін көтеріледі.
"Тек батыс және оңтүстік-шығыс облыстарда тұрақсыз ауа райы сақталады. Мұнда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.