Күн суытып, жаңбыр жауады

23-25 шілде аралығында Қазақстанда күн суытып, нөсер жауын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының салдарынан Қазақстан аумағына жаңбыр жауады. Елдің солтүстік бөлігінің кей жерінде нөсер жауын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, қатты жел соғып, бұршақ жауады, ауа температурасы төмендейді.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды: 23 шілдеде күн күркіреп, бұрқасын болады, солтүстік-шығыс және шығыстан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған