Күн суытады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер Қазақстанда 27-29 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Алматы, NEGE. Алдағы тәуліктерде батыста, солтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, одан кейін шығысқа ауысуымен республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Синоптиктердің болжамынша, елде жел күшейіп, батыста және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады.
Ауа температурасы күндіз батыс облыстарда 23-33, оңтүстікте 27-35, оңтүстік-шығыста 23-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.
"Республиканың қалған аумағында 27-28 сәуірде температуралық фон сақталады, бірақ 29 сәуірде түнде қайтадан 2-10 градусқа дейін, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді", - деп хабарлады Қазгидромет.