Күн суытады 

Синоптиктер алдағы мереке күндерi 14-17 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды «Қазгидромет».

        Алматы, NEGE. Синоптиктердiң мәлiметiнше, алдағы күндерi ауа температурасы төмендейдi. «Республикамыздың солтүстiк облыстарында қар мен температураның төмендеуiн әкелген арктикалық суық фронт оңтүстiк, орталық және шығыс облыстары арқылы Алтайға жылжиды. Оның артынан антициклонның ығысуымен Қазақстанның қалған аймақтарында да температураның төмендеуi күтiледi. Бiрақ ол да ұзақ болмайды. Дүйсенбi, 16 желтоқсанда Ресейдiң Еуропалық бөлiгiнен республиканың батыс облыстарына кезектi атмосфералық фронттардың жылжуымен жауын-шашын жауады деп болжанады. Республиканың көптеген облысында байқалған тұман және көктайғақ осы болжам аралығында да сақталады», – дейдi «Қазгидромет» өкiлдерi.   

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты