Күн сайын 2,5 мың адам пневмониямен ауырып жатыр

Қазақстанда күніне 2,5 мың адамнан пневмония анықталып жатыр.

Алматы, NEGE. Бұл мәліметті жаңа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жиында айтты.

"10 маусымнан бастап COVID-19 белгілері айқын көрінетін, алайда ПТР тестілеу нәтижесі теріс болып шыққан пневмонияның айтарлықтай өршігенін байқап отырмыз. Өткен екі күнде күн сайын 2,5 мың адамнан осындай пневмония анықталып жатыр", – деді Цой.

Бұған дейін Қазақстанның кей өңірінде пневмониямен ауыратын науқастар саны күрт өскені хабарланған.

С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Равиль Егембердиева пневмонияның өршуін түсіндірді. Оның айтуынша, пневмония-коронавирустық инфекцияның көрінісі және оларды бөліп қарастыруға болмайды.

Қазір оқып жатыр

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Желіде жағымсыз пікір қалдыру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін – Бас прокуратура

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

Жеке дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды