Күн райына байланысты екі облыста жол жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

qandastar.kz

Алматы, NEGE. 2025 жылдың 1 қаңтарында сағат 13:00-де ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай мен Ақмола облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

Қостанай облысында:

  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырымы аралығында (Әулиекөл-Ақмола облысы шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысында:

  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымы аралығында (Қостанай облысы шекарасы-Сұрған)
  • «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 71-82 шақырымы аралығында (Ақсай-Бұзылық)
  • «Жезқазған-Петропавл» автожолының 536-553 шақырымы аралығында (Бұзылық-Сұрған)

Құзырлы органдар көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қоюды жоспарлағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?