Күн бетінде ірі жарылыс тіркелді

Бұл туралы Күн астрономиясы зертханасы хабарлады.

t.me/lpixras

Астана, NEGE. Мамандардың коронографтардан алынған суреттерге сүйеніп мәлімдеуінше, жарылыс көзі Күннің бізге көрінбейтін арғы бетінде орналасқан.

Ғалымдар бұған дейін Күннің бұл бөлігінде айтарлықтай құбылыс байқалмағанын айтады – орташа белсенді аймақтар ғана тіркелген. Олардың топшылауынша, жарылыс сол кезде экватордан төмен, Күннің көрінетін дискісінің оң жақ бөлігінде орналасқан дақтар тобында болған.

Жарылыс болған аймақты шамамен бір аптадан кейін көзбен көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді