Құмар ойындарға бәс тіккен әскери қызметкерлер жауапқа тартылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Жарлық 2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

2024 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салатын заң күшіне енді. Енді мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындар мен бәс тігуге қатыса алмайды.

Заң талаптарын орындамағандар жұмыстан шығарылады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр