Құлсарының тұрғындары Маңғыстау облысына эвакуацияланды

Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты Құлсары қаласынан Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарына 26 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Адамдар уақытша орналастыру пункттеріне, туыстары мен еріктілер үйлеріне орналастырылды.

Үкіметтің тапсырмасымен ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті материалдық құндылықтар қорынан эвакуацияланған халық үшін азық-түлік, төсек-орын жабдықтары және т. б. қажетті заттар үлестіріліп жатыр.