Құлсарыдан келген 600-ге жуық адамды Мақат ауданының еріктілері күтіп алып, тегін жеткізіп жатыр

Атырау мен Доссордан келген таксистер құлсарылықтарды тегін жеткізіп жатыр.

gov.kz

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 4 сәуірінен бастап Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласы су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болды.

5 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша су тасқыны салдарынан 500-ге жуық нысан мен инфрақұрылымдық ғимараттар су астында қалды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар, орталық стадион, Құлсары әкімдігі және сауда нүктелерін су басты.

Фото:Құлсары

Естеріңізге сала кетейік, су тасқынына байланысты Құлсары-Доссор учаскесінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды, соған орай ұлттық тасымалдаушы өңір тұрғындарын эвакуациялау үшін жолаушылар пойызын жіберу туралы шешім қабылдады.

Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на Құлсары станциясынан Атырауға жолаушылар пойызы бекітілді.

Құлсарыдан келген 590-дай адамды Мақат ауданының еріктілері теміржолдан күтіп алып, Атырау, Доссор елді мекендеріне тегін жеткізіп жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді