Құлсарыда жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті өзеннен табылды

5 маусым күні сағат 12:00 шамасында бала үйден шығып кетіп, сол уақыттан бері оралмаған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның жоғалып кеткені туралы ақпарат полицияға сол күні сағат 21:28-де түскен.

Жасөспірімнің қай бағытта кеткені белгісіз болғандықтан, қаладағы барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, іздестіру жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі де тартылды.

6 маусымға қараған түні, шамамен сағат 2:19-да Құрсай өзенінен баланың өлі денесі табылды.

Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр