Құлсарыда жанармай бекетінде жарылыс болды: 2 адам қаза тапты

Атырау облысының Құлсары қаласында 30 мамырда сағат 18:45 шамасында газ-ауа қоспасы жарылды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс Құлсары қаласындағы Махамбет көшесінде болған.

Жарылыстан 14 адам зардап шекті. Оның 2-еуі қайтыс болды.

Олардың барлығы Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

«Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі жағдайда ауыр реанимациялық науқас жоқ.

Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы — орташа ауыр, 3 пациенттікі — тұрақты.

Зардап шеккендер тиісті медициналық көмекті толықтай қамтылды. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Жылыой аудандық орталық ауруханасына Атыраудан мамандар мен медицина қызметкерлері қосымша көмекке жіберілді, олардың қатарында күйік орталығының дәрігерлері де бар», – делінген хабарламада.

Жарылыстың салдарынан жақын орналасқан бір қабатты құрылыс, газ құю стансасы мен 2 қабатты ғимарат өртенген.

Жанармай бекетінде болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды