Құлсарыда спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған

Атырау облысының Құлсары қаласындағы спорт мектебінің бас есепшісі бірнеше жыл бойы 55,3 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атырау облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Зоя Сапарованың айтуына қарағанда, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне аудиторлық іс-шара жүргізілген.

– Аудиттің нәтижесінде жалпы сомасы 55 млн 354,7 мың теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды. Мектеп басшысының тарапынан қаржының жұмсалуына тиісті қадағалау жүргізілмегеен. Әсіресе мектептің банктік есепшоты арқылы жүргізілген операциялардың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген. Мекеменің бас есепшісі 2020-2024 жылдары аралығында еңбекақы, іс-сапарға шығу, еңбек демалысы және сауықтыру қаржысын төлеуге бұйрықтар рәсімделмесе де, негізсіз аударып жіберген, - деп мәлім етті Зоя Сапарова.

Оның айтуына қарағанда, анықталған бұзушылықтарға байланысты бас есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сот заңсыз аударылған қаржыны қайтаруды міндеттеген шешім шығарған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр