Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, «ҚазТрансОйл» қызметкерін көлік қағып кеткен, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

ҚазТрансОйл

Астана, NEGE. Компания жазатайым оқиға болғанын растады, алайда қызметтік тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайын жария етуден бас тартты, деп жазады AtyrauPress.

«Аталған оқиғаның болғанын растаймыз. Қазіргі уақытта "ҚазТрансОйл" АҚ оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу үшін мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін бұл жазатайым оқиғаның егжей-тегжейі жарияланбайды», – делінген компания жауабында.

Сондай-ақ компания өкілдері қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті барлық көмек көрсетіліп жатқанын атап өткен.

Еске салсақ, 9 мамыр күні «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында жұмысшы биіктіктен құлап, қаза тапты. Kaz Minerals компаниясы ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?