Құлсарыда заңгер әйелді бұрынғы күйеуі жұмыс орнында өлтіріп кетті

Атырау облысында Жылыой ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін жұмыс орнында пышақтап, өлтіріп кеткен. 

Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады. Оқиға кеше, 27 наурызда түс қайта болған.

«Құлсары қаласындағы адам өлтіру дерегіне байланысты кешенді тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасаған 33 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Кейбір дерекке қарағанда, күдікті Шоқпартоғай ауылында тұрған. Оның бұрынғы әйелі аудандық емханада заңгер болып жұмыс істеген. Күдікті емханаға келіп, бұрынғы әйелін пышақтаған. Ер адам қашып кетуге оқталған. 

Емханада заңгер болып істеген әйелдің жұмыс кабинетіне күйеуі кіріп келіп, оған пышақ салған. Жедел жәрдем мен полиция оқиға орнынан дереу жеткенімен, әйелді аман алып қала алмады. Әйелдің артында екі баласы қалды. 

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді