Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

АЛМЭКС холдингіне иелік ететін Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева 2025 жылы республикалық бюджетке 365,3 млрд теңге аударған.

asiaplustj.info

Астана, NEGE. Бұл – холдинг тарихындағы рекордтық көрсеткіш, деп жазады Forbes Kazakhstan. Салыстыратын болсақ, 2024 жылы 209,8 млн теңге, ал 2023 жылы 9,8 млрд теңге аударылған.

Аталған ірі соманың 363,1 млрд теңгесі бюджетке арнайы код бойынша салықтық емес төлемдер ретінде түскен. Қаражат үш траншпен аударылған:
– ақпанда – 139,1 млрд теңге,
– тамызда – 53,4 млрд теңге,
– қарашада – 170,6 млрд теңге.

Forbes Kazakhstan басылымы «АЛМЭКС» холдингінен аталмыш төлемдердің себебін сұраған. Холдингтің баспасөз қызметі бұл қаражаттың қайырымдылық мақсатында аударылғанын мәлімдеген.

«АЛМЭКС» холдингі мемлекет басшысының үндеуіне жауап ретінде және әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, түрлі ұйымдарға, соның ішінде мемлекеттік құрылымдарға да қайырымдылық көмек көрсетті», – делінген ресми жауапта.

Ал Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай салықтық емес аударымдардың олардың құзыретіне кірмейтінін түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?