Құлыбаевтар Қапшағайдағы жерлерінен айырылуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің су қорғау аймақтарында орналасқан жер телімдерінің қайтарылуына қатысты облыстық прокуратураның хатын жариялады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұған дейін депутат осы аймақтағы 82 жер учаскесінің берілу заңдылығын тексеруді талап еткен болатын.

«Кадастрлық нөмірлері 03–055-006-328 және 03–055-247-366 жер учаскелері бойынша заңбұзушылықтар анықталды. Қазір сотта оларды мемлекетке қайтару туралы талап қойылды. Ал 03–055-035-008 және 03–055-035-002 учаскелеріне қатысты даулар бойынша сотқа дейінгі дайындық жүргізілуде», – деп жазды депутат өзінің Facebook парақшасында.

Қалған жер телімдеріне қатысты тексеру жалғасуда. Онымен Жер ресурстарын басқару департаменті мен Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы айналысып жатыр.

«Бұл жер телімдерінің артында ықпалды адамдар тұр. Дегенмен біз үшін заңдылық пен әділдікті қорғау маңызды», – деді Базарбек.

Сондай-ақ ол барлық заңбұзушылықты өзінің депутаттық сауалында көрсететінін атап өтті.

Белгілі болғандай, даулы жер учаскелерінің екеуі Динара Құлыбаева мен оның жұбайы Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Кипрос» ЖШС-на қарайды. Динара Құлибаева – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы.

Қазір оқып жатыр

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр