«Алмэкс» Халық банкінің 4% акциясын сатуға шығарды

Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі «Алмэкс» холдингтік тобы Halyk Bank акцияларының шамамен 4 пайызын, яғни 12 млн жаһандық депозитарлық қолхатын сатуға өтінім қабылдауды бастады,  –  деп жазады Nege.Aqsha Telegram-арнасы.

asiaplustj.info

Астана, NEGE.  Халықаралық және қазақстандық инвесторлардың сұранысына қарай ұсыныс көлемі ұлғаюы мүмкін.

Холдингтің мәлімдеуінше, бұл мәміле банк акцияларының өтімділігін арттыруға және акционерлік құрылымды әртараптандыруға бағытталған.

Орналастыруды ұйымдастырушылар ретінде Citigroup Global Markets, J.P. Morgan Securities plc және Halyk Finance қызмет көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды