Құлаған ұшақтың алты жолаушысы ауруханадан шықты
Bek Air компаниясының Алматы маңына құлаған ұшағында болған жолаушылардың алтауы ауруханадан шықты. Бұл ақпаратты «Хабар24» хабарлады.
Алматы, NEGE. Олардың жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің бақылауымен амбулаторлық емін жалғастырады. Ауруханаларда апаттан зардап шеккен тоғыз адам әлі ем алып жатыр. Оның үшеуі – Нұр-Сұлтандағы ғылыми орталықта жатыр. Оларды апаттан соң санавиациямен бірден елордаға жеткізген-ді. Ұшақта болған балалардың барлығы да ауруханадан шықты.
Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air компаниясының ұшағы Алматы маңына құлап, 12 адам көз жұмды.