Құлаған қораның қабырғасынан 12 жастағы бала мерт болды

 Қайғылы оқиға Уәлиханов ауданындағы Қайрат ауылында болды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 12 жасар Елжанның үстіне жеке үйдің ауласындағы қораның қабырғасы опырылып құлап, көз жұмды. Бұл туралы Qazaqstan Media хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, төтенше жағдай сағат 19:35 шамасында болған. Алған жарақатынан бала сол жерде көз жұмды.«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін