Қуыршаққа үйленген қазақстандық әлемді шулатты
Қуыршаққа үйленген қазақстандық қуанышын дүрілдетіп атап өтті. Тойына жиналған жақын-жуығының алдында жансыз затпен би билеп, бетінен өпкен отандасымыз оған өлердей ғашық екенін айтты.
Алматы, NEGE. Әлемде ит, кілем, тіпті ағашпен неке қиған жандар бар екен. Бұл дерт пе, әлде атақ шығарудың жаңа амалы ма? Бұл жігітті әлеуметтік желілерден шықпайтын жұрттың көбі біледі. Юрий Толочко осыдан бір жыл бұрын интернетте аса қатты танылды. Ол кезде көпшілікке маникенді, жалпақ тілмен айтқанда қуыршақ әйелді өмірлік махаббатым деп таныстырған еді. Әрине, бұл жұрттың езуіне күлкі үйірді. Көбі «атың шықпаса жер өртенің» кері деп білді. Бірақ, сол қуыршаққа есі кеткен ол, ақыры оған үйленіп тынды. Тіпті, карантинге қарамастан шағын той да жасады.
Юрий тойына тек жақын достарын шақырыпты. Қуыршақ келіншегінің қолына неке жүзігін тағып, жүзі бал-бұл жанып, бақыттан басы айналды. Ал күйеуінің кім және қандай адам екенінен мүлдем бейхабар қуыршақ келіншектің аты – Марго екен. Ал оған үйленерден бұрын Юрий біздің арнаға сұхбат берген еді. «Бұл әрекетім көпті таңқалдырғанын білем» деген ол, таңдауына еш өкінбейтінін айтқан болатын.
Қуыршақтың күйеуі Юрий Толочко: «Бұл оқиға көпшіліктің қызығушылығын оятты. Сөге жамандап, хайп қуған дегендер де болды. Тіпті, таңдауыма құрметпен қарағандар да табылды. Мен жайлы Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де талқылаулар болды», – деді.
Қуыршақты өмірлі жары еткен жігіттің мұнысын қазақстандықтардың көбі хайп деп санайды. Алайда психолог Балабек Сақтағанов мұның түп-төркінінде мынадай мәселе жатыр дейді.