«Күйеуім бұрынғы әйелімен жасырын кездеседі»
«
Тұрмыстамын. Үш жасар қызым бар. Жақында күйеуімнің бұрынғы ғашығының үйіне барып жүргенін білдім. Олардың ортақ 14 жастағы некесіз қыздары бар. Айтуынша, қызын көру үшін ғана барады екен». Күйеуін бұрынғы сүйіктісінен қызғанған әйел Сырласу журналына жан сырын бөлісті.
Алматы, NEGE. Алайда өзі оны ешқашан үйге әкеліп, баласымен таныстырмаған. «Анасыз жүре алмайтын кішкентай сәби емес. Қалаған уақытында әкесінің үйіне келіп тұрса болады ғой?! Жоқ. Міндетті түрде күйеуім бұрынғы сүйіктісінің үйіне барып тұруы керек екен. Не сыртта, кафеде, саябақтарда да кездеспейді», – деп сауал тастайды жұмбақ кейіпкер.
Оған о баста жан жарының қалаған уақытында ескертпестен қызына кетіп қалатыны ұнамаған. Одан екінші бұлай істемеуін де өтініпті. Ол болса тек уәде беріп құтылады екен.
«Қызымен кездесуіне қарсы емеспін. Керісінше, үйімізге ертіп әкел, сіңлісімен таныссын деймін. Алайда ол сөзімді құлағына ілер емес. Кейде күйеуім сол әйелге қайтып барғысы келетіндей көрінеді. Оған бұл туралы айтсам, еш мойындамайды. Онымен қосылғым келсе саған үйленбей, отбасын құрмайтын едім дейді. Не істерімді білмеймін. Ол сылқым күйеуімнің басын айналдырып ала ма деп қатты уайымдаймын. Қазір де қызын сылтау қылып жүргендей көрінеді», – дейді әйел сырын ақтарып.