Күй тыңдағыңыз келсе, Ержан Әлімбетовті іздеңіз

Қазақстандық әнші-күйшілер карантин басталғалы бері жұртқа онлайын концерт өткізіп жүр. Бұған дейін эстрада әншілері мен дәстүрлі әншілердің бірқатары концерт беріп үлгерді.

Алматы, NEGE. Жуырда белгілі күйші Ержан Әлімбетов те әлеуметтік желі арқылы (фейсбук, инстаграм) концерт беріп, тыңдармандарының құлақ құрышын қандырды.

«Алғашқы онлайн концертім болғандықтан аз сөйлеп, көбірек күй тартқым келді. Енді ғана үйреніп келеміз. Соның өзінде бір сәтте мыңдаған көрермен күй тыңдап, бір-бірімен бөлісіпті. Карантин аяқталғанша үйде отырған жұртқа тағы күй тартып беремін. Ең бастысы – өз денсаулығың мен жақындарыңның амандығын ойлап, үйде отыру», – дейді «Ұлытау» тобының бұрынғы күйшісі Е.Әлімбетов.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты