«Күй керуен» челленджі басталды

Ертіс өңірінің күйшілері домбыраны серік еткен жандарды челленджге шақырады.

Алматы, NEGE.  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Күй керуені» атты бастама желтоқсан айының ортасына дейін жалғасады.

Осы уақыт аралығында кез келген адам күй тартып, өнерін жұртшылыққа паш ете алады.

Басты талап - әлеуметтік желіге жариялау керек. Қазірдің өзінде бұл шараны қолдаушы көбейген. Алғашқылардың қатарында облыстық филармонияның ұжымы бар.

Сонымен қатар аудан-қалалардағы мәдениет үйлерінің өнерпаздары да үн қосқан. Осылайша, шағын челлендж жалпыұлттық жобаға айналды.

Бұдан бөлек облыстағы 40-тан астам мектепте қазақтың күйі күмбірлемек. Мәдени шараның қорытындысы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні шығарылады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?