Құдалық жасап, жауапқа тартылды

Алматы облысында құдалық жасаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматы, NEGE. Алматы облысы Сарқан аудандық сотында төтенше жағдай тәртібін өрескел бұзған құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал WҺatsАрp мобильдік қосымшасы арқылы қаралды. Сотта анықталғандай ол ел ішінде төтенше жағдайдың жарияланғандығын біле тұра, мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзып, ауданның бір тойханасында құдалық өткізген. Сот ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармақшасы бойынша құқық бұзушыны кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 26 510 теңге мөлшерінде айыппұл салды.

Істердің мобильдік қосымшалар арқылы қаралуы, іс бойынша тараптардың COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде сот отырысына қашықтан, өздерінің және басқалардың денсаулығына қауіп төндірмей қатысуына мүмкіндік береді. Сарқан аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты