Құдайбергенов Президенттің кеңесшісі болды

25 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Құдайбергеновті қабылдаған-ды. Аталған кездесуден кейін экономист Олжас Құдайбергенов Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.

Алматы, NEGE. "Президент экономика бойынша штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды. Штаттан тыс кеңесші үшін жалақы, кабинет қарастырылмаған. Мұндай формат қазіргі жұмысыма кедергі келтірмейді және президентке қажетті идеяларды ұсына аламын. Жалпы, бұл қоғамдық жүктеме және Президент тарапынан жоғарғы сенім. Осы үмітті ақтауға жазсын, елге және қоғамға пайда тигізуді бұйырсын", – деді Құдайбергенов. 

Еске салайық, 25 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Құдайбергеновті қабылдады.
 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты