Құдай қосқан қосағынан құқай көріп жүргендердің жартысы еркектер екен

2021 жылы елімізде 1022 тұрмыстық зәбір көрсету тіркеліп, нақты дәлелденген. Шайпау әйелінің шапалақ жеп, соққыға жығылғандардың тең жартысы, яғни 46 пайызы ер адамдар болып шықты.

Астана, NEGE. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк осындай статистиканы алға тартып отыр.

«Еркектер де соққығы жығылып жатыр. Өзім көрген бір оқиғадан мысал келтірейін. Бір әйел күйеуінің үстіне жанармай құйып, оттықты жағып, өртеп жібермек болған. Ер адам күш қолданбаған, еш қарсылық көрсетпеген. Тек қана оттығыңды бер деп жалынған. Бұған отбасылық жанжал себеп болыпты. Ол ішімдік ішіп, үйіне мас күйінде келген. Ұрыс-керіс содан туындаған», - деді Милюк.

«Әйелімнен таяқ жедім» деп арыздану азиялықтар үшін ауыр екенін ескерсек, бұл көрсеткіш еселеп өсуі де ғажап емес сияқты.