Қуат Хамитовтың кіммен белдесетіні белгілі болды
Аралас жекпе-жек шебері келесі қарсыласы туралы ресми мәлімдеме жасады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы отандық спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Ресми! Қуат Хамитов пен Акоп Степанян арасындағы кездесу", - деді ол.
"Найман" лақап атымен танылған қазақстандық аралас жекпе-жек шеберінің қарсыласы 27 кездесуде жеңіске жетіп, он екі мәрте жеңіліс тапқан.