Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)
Қазақстандық файтер Қуат 'Найман' Хамитов Магнитогорск қаласында (Ресей) AMC Fight Nights және 'Болат жүрек' лигалары ұйымдастырған аралас жекпе-жек турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді.
Алматы, NEGE. Оның қарсыласы ресейлік Максим Пантелеев болды. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жектің бірінші раундының бірінші минутында Хамитов оң қолымен сәтті соққы жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді.
Бастапқыда Хамитов басқа ресейлік Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығуы керек еді, бірақ соңғы сәтте қарсылас өзгерді.