25 декабря 2020 г. 14:37

Қуат Хамитов емес: Сабина Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

Фото:

Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың Саят Салманұлы есімді жігітке тұрмысқа шыққаны белгілі болды. 

Алматы, NEGE.  Әлеуметтік желіде екеуінің неке қидырған сәтінен суреттері тарады. Бұған дейін Алтынбекованың өзі неке қию рәсіміндегі суретін бөліскен, бірақ жарының атын және түрін жасырған еді. 

Тіпті спортшының жанкүйерлерінің өзі күйеу жігіттің Қуат Хамитов емес екенін байқаған болатын. Естеріңізде болса, осыған дейін Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы жар етіп алуға ниетті екенін мәлімдеген-ді. 

Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болғанмен, Саят Салманұлы туралы толық мәлімет әзірге жоқ.

Тегтер: