Қуат Хамитов чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізеді

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің келесі айқасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Ресми түрде! 28 қазанда TOP Fight чемпионы атағы үшін титулдық жекпе-жек өтеді», – деп жазды қазақстандық спортшы өзінің Instagram-парақшасында.

«Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитовтің Мәскеуде өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы армян файтері Давид Хачатрян болмақ.

Еске салайық, Қуат Хамитов мұның алдындағы жекпе-жегін 10 қыркүйек күні Атыраудағы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде өткізген еді. Ол ресейлік Василий Бабинцевті бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды