Қуат Хамитов босатылды

Алматыда ОМОН тобы ұстап әкеткен ММА файтері, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов босатылды. Бұл туралы журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Facebook-те хабарлап, елден сүйінші сұрады.

Алматы, NEGE. "Халайық! Қуат Хамитовты үйіне жіберіпті! Сүйінші!" - деп жазба қалдырды ол. 

Бұған дейін де журналист Хамитовтың бейбіт шеруге шыққанын жазып, оны босатуды талап еткен еді. 

Қуаттың босатылғаны жайлы ақпарат Instagram-дағы пабликтерде де тарап жүр. Сондай-ақ, спортшының қан-жоса болған суреті де желіде тарап кеткен.